Көліктің мемлекеттік нөмірінде сандар өшіп қалса, бояп алуға бола ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көліктің мемлекеттік нөмірінде сандар өшіп қалса, бояп алуға бола ма? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Кейбір автокөлік иелері уақыттың немесе сыртқы орта әсерінен мемлекеттік тіркеу нөмірлеріндегі цифрлардың өшіп кету мәселесіне тап болады. Кейбіреулер бұл мәселені өз бетімен шешіп, өшіп кеткен символдарды қайта бояп қоюды ұйғарады. Бұл мәселені өз бетімен шешуге бола ма және ол үшін айыппұл арқаламаймыз ба? Толығырақ - Tengri Autо материалында.

Әкімшілік полиция комитеті мәліметінше, мұндай әрекеттер заңнаманы бұзу болып табылады.

Ведомствоның түсіндіруі бойынша, мемлекеттік нөмірлер техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттарға қатаң сәйкес жасалады. Оларды өндіруде арнайы бояулар қолданылады, бұл бояулар жарық шағылыстыруды және әсіресе түнгі уақытта жоғары көріну мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Нөмірдің жабынына өз бетімен өзгерістер енгізу осы стандарттарды бұзады.

"Цифрларды немесе нөмірдің кез келген элементтерін өз бетінше бояу әкімшілік құқықбұзушылық болып табылады, оған айыппұл қарастырылған", - деді полиция өкілдері.

Егер нөмірдің оқылуы жоғалған болса, жүргізушілер арнайы ХҚКО-ға барып, оны қайта шығаруы қажет. Тек осылай мемлекеттік стандарттарға сәйкестікті сақтап, айыппұлдан қорғануға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети