18 қараша 2014 | 18:04

Колледж студенттері граната жарылысынан кейінгі жағдай жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орны. ©Владимир Прокопенко Оқиға орны. ©Владимир Прокопенко

17 қараша күні граната жарылысын бастан өткерген Алматы сән және дизайн колледжінің студенттері өз оқытушылары және колледждегі ахуал туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

17 қараша күні граната жарылысын бастан өткерген Алматы сән және дизайн колледжінің студенттері өз оқытушылары және колледждегі ахуал туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімінің орынбасары Юрий Ильиннің колледжде оқу процесі тоқтатылады деп мәлімдегеніне қарамастан, мұнда 18 қараша күні сабақтар жалғаса берген. Колледжге журналистер кіргізілмеді, оның үстіне, студенттердің айтуынша, оларға БАҚ өкілдерімен сөйлесуге тыйым салыныпты. Соған қарамастан, кейбір студенттер алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі туралы айтып берді, олардың сөзіне қарағанда, ол жұмысқа жақында келген, бірақ оның қандай да бір жағымсыз әрекеттері байқалған емес.

Сән және дизайн колледжінің келесі бір студенті оқу орнында тәртіптің үнемі сақтала бермегенін және мамандардың жиі ауысатынын айтты. "Директор Надежда Яковлева жаңа мұғалімдерді жиі қабылдады. Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімін жеке танымайтын едім, бірақ ол біртүрлі болатын. Көп ешкіммен сөйлеспейтін. Бұрын ол ешқашан сабақ берген емес дейді", - дейді студент. Оның айтуынша, қазір әскери граната жарылған кабинетке жөндеу жүргізілген, жаңа терезелер салынған. Сабақтар бұрынғысынша жалғасып жатыр. 

Колледж оқушыларының бірінің анасы Елена Кулакованың пікірінше, төтенше оқиғаға колледж әкімшілігін кінәлауға болмайды, себебі оқиға адами фактордан болды. "Мен жаңа ғана колледж ғимаратында болдым. Онда жұмыс жағдайы қалыпты. Балалар сабақта, оқытушылар жанында. Бәрі болған оқиғаға байланысты қайғырып жатыр. Қайғылы оқиғаға кінәлілерді іздеуге, меніңше, кеш. Бұл жерде адами фактор әсер етті деп ойлаймын. Қызым мұнда екінші жыл оқып жатыр, мұндағы оқытушылар құрамы туралы жақсы екенін ғана айта аламын", - деді ол.

Кулакованың айтуынша, Алматы сән және дизайн колледжінің ғимаратында дәлізде парта тұр, оның үстіне жарылыстан қаза тапқан Светлана Яковлеваның портреті, май шамдар, гүлдер мен жұмсақ ойыншықтар қойылған. Оқытушылар мен студенттер аза тұтып жатыр. 18 қараша күні колледж аумағында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, төтенше оқиға орнын тексерді. Төтенше жағдайлар саласының психологтары да келді. 

Алматы сән және дизайн колледжі дәлізіндегі фотосурет. ©Tengrinews.kz

Айта кету керек, әлеуметтік желілерде төтенше оқиға қызу талқыланып жатыр. Кейбір студенттердің айтуынша, гранатаның мұрындығын бір жігіт тартып қалып, сасқанынан оны еденге лақтырып жіберген. Құқық қорғау органы өкілдерінің айтуынша, тергеу жалғасып жатыр, полицейлер барлық жорамалды қарастырып отыр.

Еске сала кетейік, 17 қараша күні 08.40-та Алматы сән және дизайн колледжінің екінші қабатында алғашқы әскери дайындық сабағында граната жарылған еді. Төтенше оқиға салдарынан 16 жастағы студент қыз Светлана Яковлева қайтыс болды. Кеудесі мен басына жарықшақ тиген 12 адам ауруханаға түсті, олардың бесеуіне операция жасалып, жансақтау бөліміне ауыстырылды. Болған оқиғаға байланысты "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Әскери гранатаның жарылу себебін анықтаумен прокуратура, әскери прокуратура және ішкі істер департаменті мамандары айналысады. Алматы сән және дизайн колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі уақытша ұстау изоляторына қамалды. 18 қараша күні брифингте полицейлер оның жарылыс кезінде кабинетте болғанын хабарлады. Қазір онымен тергеушілер жұмыс істеп жатыр, бұлтартпау шарасын белгілеу үшін 72 сағат ішінде мұғалім сотқа беріледі. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети