Колониядағы ТЖ туралы қауесеттер: Семейде сотталған адамның қайтыс болғаны расталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Колониядағы ТЖ туралы қауесеттер: Семейде сотталған адамның қайтыс болғаны расталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Семейде колониялардың бірінде төтенше жағдай болғаны туралы сыбыстар тарады: қолданушылар сотталғандардың бірі қаза тапқаны жайлы жазып жатыр. Бұл ақпаратқа қатысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) пікір берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде колониялардың бірінде төтенше жағдай болғаны туралы сыбыстар тарады: қолданушылар сотталғандардың бірі қаза тапқаны жайлы жазып жатыр. Бұл ақпаратқа қатысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) пікір берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Семейдегі түзеу мекемелерінің бірінде төтенше жағдай болғаны туралы жазбалар тараған еді. Жазба авторларының айтуынша, колонияда сотталған адам қаза тауып, тағы тоғыз адам жарақаттармен ауруханаға жеткізілген, ал екі адаммен байланыс жоқ. Сотталғандардың туыстары ресми ақпарат берілмей отырғанын айтқан.

ҚАЖК пікірі

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандарды жаппай ауруханаға жеткізу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Зорлау қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан тұтқын денсаулығы нашарлағанына шағымданып, мекеменің медициналық бөліміне жүгінген. Тексерістен кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылды. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, сотталған адам ауруханада көз жұмды", – деп хабарлады ҚАЖК.

Ведомство жалған ақпарат таратқандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертті және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети