Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың Алматы облысы Саты ауылына жұмыс сапары кезінде Көлсай және Қайыңды көлдерінде не салынатыны көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың Алматы облысы Саты ауылына жұмыс сапары кезінде Көлсай және Қайыңды көлдерінде не салынатыны көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Көлсай көлдері" МҰТП директоры Данияр Тұрғынбаев ұсынған эскиздерге сәйкес ұлттық паркте үш визит-орталық, кемпингтер, этноауылдар салу жоспарланып отыр.
"Қайыңды мен Көлсай көлдерінің маңында ешқандай нысан салынбайды. Барлық ғимарат шатқалда емес, төменде орналасады. Бұл осындағы табиғаттың ерекшелігін ескере отырып жасалған тұжырымдама. Оның негізгі мақсаты - экожүйені бұзбау. Біз қоршаған ортаға зиянымызды тигізбей, жаяу немесе велосипедпен демалуымыз керек.
Тұжырымдаманың тағы бір маңызды мақсаты - халықты жұмыспен қамту. Ірі бизнес қана емес, жергілікті тұрғындар да туризмнен пайда табуы керек", - деді Тұрғынбаев.
Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес экотуризм жобаларын дамытудың алғашқы нәтижесі биыл белгілі болады екен.
"Алдын ала бағалау бойынша туристік бағыт саны артады, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары ашылады, қонақ үй қоры артады, шатырлар мен лагерьлер үшін орындар пайда болады. Табыс жылына 150 миллион теңгеге дейін артады", - деді "Көлсай көлдері" ұлттық табиғи паркінің бас директоры.
2019 жылы бұл ұлттық паркке 87 мың турист келген. Нәтижесінде 30 миллион теңгеге жуық табыс түскен. Болашақта "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде экотуризмді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес құру жоспарланып отыр.
"Біз паркті дамыту тұжырымдамасын ұлттық парк жанынан құрылатын қоғамдық кеңестің қарауына енгіземіз. Бұл мәселе кеңесте талқылағаннан біз заңға сәйкес әрекет етуді жалғастырамыз. Объектілер ірі инвестициялық жоба аясында құрылады. Біз бизнес өкілдері инвестициялық жобамен келген кезде олар талаптарымызды толық түсінуі үшін тұжырымдама әзірлеп жатырмыз. Конкурсқа қатысатын кәсіпкерлердің жоспары біздің тұжырымдамамызға сәйкес келген жағдайда ғана осында жұмыс істей алады", - деді вице-министр Ерлан Нысанбаев.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!