Қолшатыр алуды ұмытпаңыз: Алматы мен Астанаға ауа райы болжамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қолшатыр алуды ұмытпаңыз: Алматы мен Астанаға ауа райы болжамы Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер Астана мен Алматыда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Астана мен Алматыда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана

24 тамызда көшпелі бұлттылық, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр, күндіз 15-20 метр. Ауа температурасы 9-11, күндіз 15-17 жылы.

25 тамызда көшпелі бұлт, кейде жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 18-20 жылы.

26 тамызда көшпелі бұлт, кейде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 20-22 жылы.

Алматы

24 тамызда көшпелі бұлтты, күндіз қысқа жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр, найзағай кезінде 15 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 28-30 жылы.

25 тамызда көшпелі бұлт, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 3-8 метр, найзағай кезінде 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 25-27 жылы.

26 тамызда жауын-шашынсыз көшпелі бұлттылық күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети