ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мамандары Атырау спортшыларына арналған мемлекеттік қаржыны талан-таражға салу фактісін анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы полициясының Атырау қалалық департаментіне сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес, өткен жылда су спорты бойынша "Атырау" облыстық командасына бөлінген мемлекеттік қаражаттың біраз бөлігі талан-таражға салынды. Осыған орай, қаржы полициясы "Су спорты бойынша "Атырау" облыстық командасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директорына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы, 3-тармағы бойынша "сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемденгені немесе талан-таражға салғаны" үшін қылмыстық іс қозғады.
"2013 жылы наурыздан бастап қыркүйек айына дейін ол мемлекеттік қызметтерді атқаруға өкілетті тұлға ретінде командада жұмыс істемейтін адамдардың есеп-шоттарына ақшаны заңсыз аударған. Сөйтіп, мемлекетке 1,3 миллион теңге шығын келтірді", - делінген ресми хабарламада.