"Көмектесуге кеткен". Қаза болған учаскелік инспектор Нұрбол Байғазиев туралы әріптесі айтып берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Көмектесуге кеткен". Қаза болған учаскелік инспектор Нұрбол Байғазиев туралы әріптесі айтып берді

Қаза тапқан учаскелік инспектор Нұрбол Байғазиев туралы әріптесі Жеңісбек Сыдық әңгімелеп берді. Оның айтуынша, Ақбұлақ ықшамауданы Дархан Сүлеевтің бақылауында болған, ал Нұрбол Байғазиев бұрын сол аумаққа жауапты болғандықтан әріптесіне көмектесуге барған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

"Сүлеев Дархан бұл қызметке бір ай бұрын келген. Ол ЕҚКБ департаментінен ауысты. Хабар келгенде бірден барлық учаскелік инспектор сол жерге бет алдық. Нұрбол бұл учаскені білгендіктен жай ғана көмектесуге кеткен. Ол ашық-жарқын адам болатын", - деді Жеңісбек Сыдық.

Жеңісбек Сыдықтың айтуынша, Нұрбол Байғазиев қарапайым жалдамалы пәтерде тұрған, оның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды. Жақында марқұмның әйелі инсульт алды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда атыс болып, ер адам полицейлер мен сот орындаушыларын өлтіргені хабарланған болатын. 

Үйден шығару туралы сот шешімін орындау кезінде осы үйдің тұрғыны - 1967 жылы туған ер адам озбырлық көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, төтенше жағдай қызметкерлеріне қарудан оқ жаудырған. Салдарынан бес адам қаза тапқан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети