АҚШ сенатында Ақша айналымын бақылау басқармасының (Comptroller of the Currency) басшысы лауазымына Сәуле Омарованың үміткерлігін ұсыну кезінде дау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
АҚШ сенатында Ақша айналымын бақылау басқармасының (Comptroller of the Currency) басшысы лауазымына Сәуле Омарованың үміткерлігін ұсыну кезінде дау шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенаттың банк істері және тұрғын үй комитетінің төрағасы, демократ Шеррод Браун Сәуле Омарованың сіңірген еңбегін сипаттай отырып, оның ғылыми еңбектерін тізіп айтып берді. Ол профессор Омарованың бұл қызметке ұсынылған алғашқы әйел, алғашқы басқа нәсіл өкілі және алғашқы эмигрант екенін баса айтты.
Сонымен қатар, Шеррод Браунның айтуынша, оның барлық сіңірген еңбегіне, біліктілігіне және жұмысқа қабылданар алдында бірнеше рет тексерілгеніне қарамастан, "кейбір республикашыл сенаторлар бұл лауазымды ең білікті үміткерге лайық көрмей отыр".
"Сәуле Омарова бұл қызметке тағайындалғаны ресми жарияланғаннан кейін бір аптадан кейін The Wall Street Journal оның кеңестік кезеңнен өткенін әдейі атап көрсеткен мақала жариялады: Мәскеу мемлекеттік университетінде Лениндік стипендиямен оқу. 1980-1980 жылдары барлығы дерлік Кеңес Одағы Лениннің есімімен аталды, Милтон Фридман немесе Рональд Рейган шәкіртақысы ол кезде қолжетімді емес еді", - деді сенатор Браун.
Шеррод Браун Омароваға АҚШ банкінің басшылығында коммунизм орнатуға тырысты деп жалған айып тағылғанын айтты. Оның айтуынша, бұл мәлімдемелер оның шыққан жеріне негізделген.
"Профессор Омарова әділ, бейтарап және қатал валюталық бақылаушы болу үшін күш пен тәуелсіздікті көрсетті. Оның қаржылық дағдарыстың қайталануын болдырмау үшін жеке секторда да, мемлекеттік саясатта да тәжірибесі бар. Миллиондаған америкалық үйі мен жұмысынан айырылған дағдарыс", - деп қосты комитет төрағасы.
Кейінірек республикашыл сенатор Джон Кеннеди Сәуле Омарованың жас коммунистер тобының мүшесі болғанын айтты.
"Сенатор, сіз Кеңес Одағы кезіндегі жастардың коммунистік ұйымына мүшелігімді айтып тұрсыз ба? Мен КСРО-да дүниеге келдім. Бұл елде әрбір адам комсомол мүшесі болды. Бұл қалыпты прогресстің бір бөлігі болды. Бұл көп жылдар бұрын болды. Ал адамдар белгілі бір жасқа жеткенде бұл топтан автоматты түрде шығып кетеді", - деп жауап берді Омарова.
Содан кейін Кеннеди қазіргі федерал жүйені сынайтын бірнеше сұхбаттар мен ғылыми мақалаларды тізімдеді, сонымен қатар Омарова 2019 жылы Facebook-те социалистік және антикапиталистік көзқарастарды талқылайтын марксистік топқа қосылды деп айтты.
"Бұл Америка. Құрметсіздік көрсеткенім емес, бірақ сізді профессор деймін бе әлде жолдас деймін бе білмеймін", - деді сенатор.
"Сенатор, мен коммунист емеспін. Мен туған жерімді таңдаған жоқпын. Осы идеологияны талқылайтын Facebook-тағы бірде-бір топқа қосылғаным есімде жоқ. (...) Менің отбасым коммунистік режимнің кесірінен жапа шекті. Мен отбасымның жартысын білмей өстім. Сталиндік режим кезінде әжем екі рет өлімнен аман қалды. Осы оқиға есімде. Осы елге келдім, америкалық болғанымды мақтан тұтамын. Менің осында болуымның себебі де - осы. Мен мемлекеттік қызметке дайын болғандықтан осындамын", - деді Сәуле Омарова.
Демократиялық сенатор Элизабет Уорреннің айтуынша, Сәуле Омарованың қарсыластары оның біліктілігі мен валюта бақылау басқармасының басшысы қызметін атқара алатындығы туралы ештеңе айта алмайды.
"Бұл республикашылдар үйлестіретін аяусыз жала жабу науқаны. Олар кішігірім бәсекелестерді жаулап алуды жалғастырып, өз клиенттерін тонап, жауапкершіліктен жалтаруды жоспарлап отырған алпауыт банктерді қолдайды. Уолл-стрит өзін қауіп төндіргендей сезінеді және олар құрметті тұлғаға жеке шабуыл жасады. Бұл қасақана, зұлым шабуылға қатысқан кез келген адам ұялуы керек", - деді Элизабет Уоррен.
Сәуле Омароваға 26 жыл бұрын ұрлық жасады деген айып тағылды
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!