Көмірге қатысты айла-шарғы: Қазақстанда “биржалық мафия“ әшкереленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көмірге қатысты айла-шарғы: Қазақстанда “биржалық мафия“ әшкереленді Фото: t.me/afm_rk

ҚМА "Modern Trading Solutions" тауарлық биржасының заңсыз қызметін тоқтатты. Оның басшылығы биржалық сауданың негізгі қағидаларын бұзып, Шубаркөл кен орнынан көмірді тек заңсыз материалдық сыйақы төлеген тұлғаларға сатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА "Modern Trading Solutions" тауарлық биржасының заңсыз қызметін тоқтатты. Оның басшылығы биржалық сауданың негізгі қағидаларын бұзып, Шубаркөл кен орнынан көмірді тек заңсыз материалдық сыйақы төлеген тұлғаларға сатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көмірді қолданыстағы заңнамаға сәйкес, саудагер сауда биржалары арқылы бәсекелестікті дамытуға, делдалдарсыз, оның әділ бағасын қалыптастыруға ықпал жасауға тиіс болатын.

Сонымен қатар, "Modern Trading Solutions" тауар биржасының басшылығы 23 брокерлік компанияны туыстары мен сенімді тұлғаларының атына тіркеп, өздерінің жұмысын көмір саудасына тек ұдайы ақшалай сыйақы беретін адамдарды жіберетіндей етіп ұйымдастырған.

"Кері жағдайда, аккредитация мерзімін созып, келісімшартқа қол қоймау, саудаға қолжетімділігін шектеу және олардың нәтижелерін жою арқылы кәсіпкерлерге саудаға қатысуына жол бермеген. Аталмыш жағдай әсіресе жылыту маусымы алдында көптеген арыз-шағымдар мен әлеуметтік шиеленіске әкеліп соқтырған.

Қылмыстық топтың жыл сайынғы кірісі 2 миллиард теңгеден асқан, оны өздеріне қарасты компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған", - делінген хабарламада.

Сауда биржасының 3 басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған, ал тағы біреуіне осындай шарамен қатар іздеу жарияланды.

ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети