21 қазан 2020 | 13:51

Қонаев ескерткіші: әкімдік сынға жауап берді

Фото:facebook.com/olzhasmuhamedi

Әкімдік Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың Алматы облысында орнатылған жаңа ескерткішіне қатысты сынға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әкімдік Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың Алматы облысында орнатылған жаңа ескерткішіне қатысты сынға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәселе бойынша жұмыс тобы құрылғаны хабарланды.

Реклама
Реклама

"Д. А. Қонаев ескерткішінің кемшіліктерін, Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы ескерткіштерді орнату тәртібінің бұзылуын анықтау үшін жұмыс тобы аттанды. Оның құрамына облыстық тарихи мұралар ескерткіштері орталығының директоры, басқару бөлімінің басшысы, Жазушылар одағының мүшесі, облыстық галереяның директоры, алматылық тәуелсіз сарапшы мүсінші кірді", - деді блыстың Мәдениет басқармасы қызметкерлері.

Мүсін авторы мен тапсырыс берушінің аты-жөні де белгілі болды.

"Мүсінші - Бейсенов Алтай Исатайұлы. 

Тапсырыс берушілер - Д. А. Қонаев атындағы "Сауап" әлеуметтік-қайырымдылық қоры және Балқаш аймақтық "Д.А. Қонаевтың 100 жылдығы" қоры.

Қаржыландыру көзі: демеушілер қаражаты", - делінген Алматы облысы әкімдігінің мәліметінде.

Еске салайық, бұған дейін Қазнет қолданушылары ескерткішті сынға алған еді. Олардың қатарында Қонаевтың туыстары да болған.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная