21 қазан 2020 11:52

Қонаевтың туыстары жаңа ескерткішке наразылық білдіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қазнет қолданушылары Алматы облысында орнатылған Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың жаңа ескерткішін сынға алып жатыр. Наразылардың арасында қайраткердің туыстары да болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазнет қолданушылары Алматы облысында орнатылған Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың жаңа ескерткішін сынға алып жатыр. Наразылардың арасында қайраткердің туыстары да болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде мемориалдың "біртүрлі" екені талқыланып жатыр. Алғашқы кемшіліктердің бірін қазақстандық мүсінші Олжас Мұхамеди атап өткен.

"Қазақстандағы ескерткіштер мен мүсіндер туралы мәселені көптен көтеріп келемін, бірақ ол онсыз да бәрі ұнайтын сияқты. Таңданып қарап жүрмін Президент осы мәселеге назар аударатын шығар", - деп жазды мүсінші Олжас.

Ескерткіш туралы Дінмұхамед Қонаевтың жиені Жанар Мұқажанова пікір қалдырыпты.

"Мен және өзгелер ағамның сыртқы келбетіне әрдайым таңданатын, сондықтан мен өз отаным Бақанаста осы мүсінді көргенімде қатты ренжідім. Мүсінші бұл жоба туралы Қонаев қорымен келісуі керек еді", - деді Жанар Мұқажанова.

Сондай-ақ, белгілі заңгер Бақытжан Базарбек те осы мүсінге қатысты ойын айтқан.

"Қонаев ескерткішінің ашылуы - игі іс. Бірақ сұрақ, қандай ескерткіш! Мүсінші ескерткішке алған дененің пропорцияларын тіпті оның жиендері де танымады. Дене басымен салыстырғанда тым созылған, ал қолдары өте үлкен. Арық қылып көрсеткен, иығы да дәу", - деп жазды Базарбек.

Еске салайық, Алматы облысының әкімдігінде құрылыс жұмыстарын демеушілер қаржыландырғанын айтқан болатын.

"15 қазанда Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың ескерткішін орнату жөніндегі барлық тиісті құжаттар тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссиямен қаралып, мақұлданды.

Қазіргі уақытта Балқаш ауданы Бақанас ауылында бастапқы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деген еді Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасындағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети