Қонаев іргесіндегі ауылды су басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қонаев іргесіндегі ауылды су басты Видеодан алынған кадр

Алматы облысындағы Қонаевқа қарасты Шеңгелді ауылының тұрғындары көшелер мен үйлерді басып қала жаздаған суды кетірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы Қонаевқа қарасты Шеңгелді ауылының тұрғындары көшелер мен үйлерді басып қала жаздаған суды кетірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

23 ақпанда таңертең ауылды сy басқан.

"Су үйлерді басып кете жаздады. Алайда тұрғындар мен Шеңгелді ауданының әкімі Мақсат Жазиев табиғи апатты өз күшімен жеңді", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

"Шеңгелді қайырымдылық қоры" жергілікті чатында су туралы ақпарат тарады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Конаев и Алматинская область (@konaevkz)

Қонаев әкімдігінде бір тракторды көмекке жіберуге бұйрық берілген. Сорғы станциясында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан "Толағай" серіктестігі, "Бауыр" шарушаруа қожалығы мен Шеңгелді су арнасының қызметкерлері де халыққа көмек қолын созған.

"Бүгін біз тамаша жұмыс істедік, бірақ демалуға әлі ерте, өйткені қар еріп біткен жоқ", - деді Шеңгелді әкімі Мақсат Жазиев.

Ол қазір қауіпті аймақтарда тәулік бойы кезекшілік орнатылғанын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Конаев и Алматинская область (@konaevkz)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети