Қонаевта "Үкілі домбыра" республикалық сайысының жеңімпаздары анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қонаевта "Үкілі домбыра" республикалық сайысының жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қонаевта "Үкілі домбыра" республикалық сайысының жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Қонаев қаласында еліміздің ең үздік күйшілері жиналды. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы мен "Рухани жаңғыру орталығы" КММ ұйымдастырған "Үкілі домбыра" республикалық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 14 виртуозды домбырашы қатысты.

Жалпы, байқау жас домбырашылардың шеберлігін жетілдіру, жастарға патриоттық және рухани тәрбие беру және ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында өтті. Жарыс екі кезеңнен тұрды. I, II кезеңде қатысушылар түрлі шығармаларды орындап, шығармалардың тарихын айтып берді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің кавалері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанғали Жүзбай, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Композиторлар және күйшілер одағының мүшесі Төлепберген Тоғжанов, ҚР Мәдениет қайраткері, күйші Мұрат Әбуғазы және ҚР Мәдениет қайраткері Талғат Оразаев сынды қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалады. 14 үміткерден тек үшеуі финалға өтті.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Жамбыл облысынан келген Мейірбек Әзімбаев алды. Бірінші орынды Тимур Үмбетжан, екінші орынды тұрғыны Мұхит Мүкен иеленді. Ал, үшінші орынды Лунара Мауетбек қанжығасына байлап қайтты. Жеңімпаздарға 100 мың, 200 мың, 300 мың және 400 мың теңге көлемінде сертификаттар табысталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro