Қонаевтағы атыс: бір адам қаза тауып, бір адам жараланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қонаевтағы атыс: бір адам қаза тауып, бір адам жараланған Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев әлеуметтік желіде пайда болған Қонаевтағы атыс туралы ақпаратқа пікір білдірді. Онда бір адам қаза тапқаны айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев әлеуметтік желіде пайда болған Қонаевтағы атыс туралы ақпаратқа пікір білдірді. Онда бір адам қаза тапқаны айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қожаевтың айтуынша, бүгін таңертең екі адам оқ жарақаты белгілерімен Қонаевтағы ауруханаға жеткізілген.

"Өкінішке қарай, бір адам қаза болған. Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталды, қазір оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы Tengrinews.kz тілшісіне 27 маусымға қараған түні Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына 2000 жылы туған ер адам оқ жарақатымен түскені хабарланды. Жәбірленушіге шұғыл операция жасалған.

"Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінде жатыр, оның денсаулығы аса ауыр деп бағаланып отыр" - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети