Кондиционер коронавирустың жұғуына әсер етуі мүмкін - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кондиционер коронавирустың жұғуына әсер етуі мүмкін - сарапшы Сурет: bissmartu.en

Фтизиопульмонология орталығының пульмонологы Абзал Малбасқанов кондиционердің пневмонияға әсерін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фтизиопульмонология орталығының пульмонологы Абзал Малбасқанов кондиционердің пневмонияға әсерін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кондиционер кез-келген тұмаудың шығуына әсер ететін қауіпті фактор болатын. Көшеде 35-40 градус ыстық болса, кеңселер мен адамдардың көбі ағза қызып кетпеуі үшін кондиционер орнатады. Оның ішінде көлікке де. Кейін жабық кеңістікте адамның денесі суып, ыстық далаға шыққанда, ағзада температура құбылады, содан иммунитет әлсірейді. 

Ал коронавирус инфекциясы тұрғысынан: иә, вирус жұғуы мүмкін, себебі кондиционерді қосқанда, біз әдетте бөлмені жабамыз. Демек ауа бөлме ішінде ғана айналады. Нәтижесінде инфекция жұғады. Сонымен қатар, құрылғы сүзгісінің өзгерген уақытына да байланысты. Бірақ мұндай пневмония клиникасы, айтып өткенімдей, ковидті пневмониядан сәл өзгеше", - деп мәлімдеді дәрігер.

Осыған байланысты пульмонолог бөлмені табиғи жолмен желдетуді және кондиционер сүзгілерін жиі ауыстырып тұруға кеңес берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети