Конгрессмендер Украинадағы жағдайды реттеудегі Назарбаевтың еңбегін жоғары бағалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конгрессмендер Украинадағы жағдайды реттеудегі Назарбаевтың еңбегін жоғары бағалады Фото ©Тұрар Қазанғапов

Конгрессмендер Украина мен Ауғанстандағы жағдайды реттеудегі Назарбаевтың қызметін жоғары бағалады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz  тілшісі ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конгрессмендер Украина мен Ауғанстандағы жағдайды реттеудегі Назарбаевтың қызметін жоғары бағалады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz  тілшісі ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы таратқан мәліметте көрсетілгендей, СІМ Ерлан Ыдырысов Еуропа, Еуразия бойынша америкалық заң шығарушы комитет өкілдері Дэйна Рорабакер және Грегори Миксоммен кездесу өткізген.

Мәлім болғанындай, тараптар екі елдің арасында ынтымақтастық, ғаламдық қауіпсіздік мәселелері бойынша, оның ішінде жаппай қырып жоятын қаруларды таратпау, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік, атап айтқанда, Ауғанстандағы жағдайды реттеуге қатысты мәселелер сөз болған. Кездесу барысында Украинадағы жағдай да сөз болмай қалған жоқ.

"Конгрессмендер ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елдердегі жағдайды реттеудегі атқарған еңбегін жоғары бағалап, тараптар арасында диалог орнатуға талпынғаны үшін алғыстарын айтты", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Баспасөз мәліметінде көрсетілгендей, конгрессмендермен бірге АҚШ-тан "қазақстандық тараппен шикізаттық емес салаларда жұмыс істейтін біріккен жобаларды жүзеге асыруға дайын" кәсіпкерлер де ере келген. Америкалық заң шығарушы орган өкілдері Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіру процесіне қолдау көрсетуге әзір екендіктерін мәлімдеген.

Бұл кездесу ҚР мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті арттырады, - деп көрсетілген.

Бұған дейін хабарланғандай, Ақмола облысындағы Бурабай кентінде Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ Конгрессінің мүшесі Дэйн Рорабакер мен Грегори Миксоммен кездескен болатын.

Ол уақыттағы кездесу барысында Қазақстан-Америка қарым-қатынасындағы стратегиялық мәселелер, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды даму жайы сөз болған.

АҚШ Конгрессмендері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық табыстарын атап өтіп, екі ел арасындағы ықпалдастық нығая беретініне сенім білдірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети