Конгрессмендер Украина мен Ауғанстандағы жағдайды реттеудегі Назарбаевтың қызметін жоғары бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конгрессмендер Украина мен Ауғанстандағы жағдайды реттеудегі Назарбаевтың қызметін жоғары бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы таратқан мәліметте көрсетілгендей, СІМ Ерлан Ыдырысов Еуропа, Еуразия бойынша америкалық заң шығарушы комитет өкілдері Дэйна Рорабакер және Грегори Миксоммен кездесу өткізген.
Мәлім болғанындай, тараптар екі елдің арасында ынтымақтастық, ғаламдық қауіпсіздік мәселелері бойынша, оның ішінде жаппай қырып жоятын қаруларды таратпау, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік, атап айтқанда, Ауғанстандағы жағдайды реттеуге қатысты мәселелер сөз болған. Кездесу барысында Украинадағы жағдай да сөз болмай қалған жоқ.
"Конгрессмендер ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елдердегі жағдайды реттеудегі атқарған еңбегін жоғары бағалап, тараптар арасында диалог орнатуға талпынғаны үшін алғыстарын айтты", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Баспасөз мәліметінде көрсетілгендей, конгрессмендермен бірге АҚШ-тан "қазақстандық тараппен шикізаттық емес салаларда жұмыс істейтін біріккен жобаларды жүзеге асыруға дайын" кәсіпкерлер де ере келген. Америкалық заң шығарушы орган өкілдері Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіру процесіне қолдау көрсетуге әзір екендіктерін мәлімдеген.
Бұл кездесу ҚР мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті арттырады, - деп көрсетілген.
Бұған дейін хабарланғандай, Ақмола облысындағы Бурабай кентінде Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ Конгрессінің мүшесі Дэйн Рорабакер мен Грегори Миксоммен кездескен болатын.
Ол уақыттағы кездесу барысында Қазақстан-Америка қарым-қатынасындағы стратегиялық мәселелер, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды даму жайы сөз болған.
АҚШ Конгрессмендері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық табыстарын атап өтіп, екі ел арасындағы ықпалдастық нығая беретініне сенім білдірді.