28 ақпан 2014 | 11:46

Конькимен жүгіруші Роман Креч баспанасыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сочи Олимпиадасына қатысушы конькиші Роман Креч баспанасыз қалды, бұл туралы спортшы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ге сілтеме жасап. Роман Креч Петропавл қаласында тұрады. Үйінің сүрілетіні туралы жаңалықты туыстары Олимпиада кезінде спортшыдан жасырыпты. "Маған осындай "жағымды" жаңалықты туыстарым жеткізді. Мені Сочидегі Олимпиада ойындары кезінде мазаламау үшін бұл хабарды құпия ұстапты. Менің үйім қаладан шығаберістегі сәулет жөнінен маңызды саналатын басты айналма жолдың бойында (бұрынғы Киров, қазіргі Жамбыл көшесі) орналасқандықтан үнемі сүрілу қауіп төніп тұрды. Бірақ осы кезге дейін ол түрлі себеппен жоспарланған іс күйінде қалып келген еді", - деп жазады Креч. Спортшының мәліметінше, 7-8 жылға жуық уақыт бұрын бұл кварталды "ҚазҚалаҚұрылыс" компаниясы "Қызылжар" тұрғын үй кешені құрылысы үшін тазалай бастады. Енді Креч тұрып жатқан үйге де кезек келген. "Бізге үйден бір апта ішінде шығу және көрші аумақта салынып жатқан Жамбыл көшесі, 45-үйдегі тұрғын үй кешенінің бастапқы өңделген күйдегі (!) бір бөлмелі пәтерге көшу қажеттігін екі апта таяғанда ғана ескертті", - дейді конькиші. 24 жастағы Роман Креч - Сочи Олимпиадасында медаль алмағанымен сәтті өнер көрсеткендердің бірі. Ол 500 метр қашықтыққа конькимен жүгіруден 7-орын алған болатын.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети