30 қазан 2014 | 13:53

Консерватория профессоры атышулы постерге қатысты сот шешімін әділ деп санайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©pond5.com ©pond5.com

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Альмира Наурызбаева Құрманғазы мен Пушкин бейнеленген постерге қатысты сот шешімін дұрыс деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Альмира Наурызбаева Құрманғазы мен Пушкин бейнеленген постерге қатысты сот шешімін дұрыс деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наурызбаева постер авторларынан 34 миллион теңге өндіріп алуға арызданған 34 адамның қатарында жоқ. Бірақ ол жағдайды білетінін және ол жөнінде өз көзқарасын білдіре алатынын айтты.

"Мейлі, тіпті, 34 теңге-ақ болсын, түсінесіз бе, антимәдениетті насихаттаған адамдар келесі күні мұндай сорақы жайттар қайталанбасы үшін қалайда жазалануы тиіс. Әріптестерімнің бәрі үшін жауап бере алмаймын. Бірақ, ең алдымен, басқа формацияның адамы ретінде, классикалық мәдениетпен тәрбиеленген адам ретінде мен үшін бұл - Құрманғазы мен Пушкинді қорлау. Егер ол достық сүйісу болса, ол басқаша көрінер еді. Бірақ бұл жерден біз БАҚ-та жазылып жатқандай элементті байқап отырмыз", - деді профессор.

"Сот шешімі елде төзімсіздікке қатысты ахуалды ушықтырып жібермей ме?" деген сауалға ол: "Мен мұндай мәселенің сотта шешілуінің өзі төзімсіздік емес, демократия деп есептеймін. Егер біз оларға барып, қауіп төндірсек, қоғамдық шерулер өткізсек, онда, әрине, ол төзімсіздіктің көрінісі болар еді. Егер адамдар сотқа шағымданып, мәселені сот арқылы шешіп жатса, мен мұны қоғамдық мінез-құлықтағы саяси, құқықтық мәдениеттің көрінісі деп есептеймін", - деп жауап берді.

Оның айтуынша, авторлар моральдық шекараны аттап кетті. "Шығармашылық адамы қанша жерден еркін болса, да ол ертеңгі күні ұрпақ оқитын, көретін дүниені жасайды. Бұл адамдардың нені көздегені түсініксіз. Ол жерде басқа нәрсені меңзеу бар, біз бәрін ұғып отырмыз, контекст бар, қоғамдық пікір бар, біздің моральдық-этикалық нормаларымыз бар. Ал Брежнев пен Хонеккердің сүйісуіне келсек... Егер Құрманғазы мен Пушкин кеңес дәуірінің саясаткерлері болса, мен олармен келісер едім. Бірақ бұл адамдар әлемдік мәдениет құндылығы болып тұрғаннан кейін бұл - оларды төмендету, қанша дегенмен бас хатшы және Құрманғазы мен Пушкин - екі басқа дүниелер", - деді ол.

Еске сала кетейік, "Студия 69" клубын жарнамалайтын постер 24 тамыз күні әлеуметтік желілерде тарала бастады. Бұл жұмыс қоғам мүшелерінің наразылығын туғызды, олар постер авторларын жауапкершілікке тартуды сұрап, полицияға шағымданды. Бұдан кейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Құрманғазы мен Пушкиннің сүйіскені бейнеленген постерді жасаушыларға айыппұл салған еді. Әкімшілік хаттаманы Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы толтырды. Хамитжановаға 129 640 теңге, ал оның агенттігіне 185 200 теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді. Агенттік сот шешіміне шағым келтіргісі келген, бірақ кейін апелляциялық сотта ұтылып қалды.

Бұдан кейін постер авторларының үстінен Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы ұжымы да сотқа шағымданды. 34 адам жарнама агенттігінен 34 миллион теңге талап етті. Сот бұл соманы бірнеше мәрте нақтылауға тырысты және нәтижесінде шағымданушылардың өкілі соттың өзіне моральдық шығын сомасын нақтылауды ұсынды. Жарнама авторлары арызданушылармен ымыраласқысы келген, бірақ қарсы тарап бұған келіспеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети