Конституция күні Қазақстанда жылы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конституция күні Қазақстанда жылы болады ©Тұрар Қазанғапов

Конституция күні Қазақстанда күн жылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конституция күні Қазақстанда күн жылы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап. 

"28-інен бастап жылы ауа массаларының шығуына байланысты аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады, ауа температурасы күндіз 23-28, кей жерлерде 33 градусқа дейін жоғарылайды. Жаңа оқу жылының басында Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Қарағанды облыстарында ауа райы тұрақсыз болады, найзағайлы өткінші жаңбыр жауып, жел секундына 15-22 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы күндіз 23-28, кей жерлерде 18 градус жылыны көрсетеді. Мейрам күндері жылы болады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК Ұзақмерзімді ауа райы болжамдары департаментінің инженер-синоптигі Гүлдана Дүйсеналы.

Айта кетейік, алдағы мемлекеттік мерекеде қазақстандықтар үш күн демалады - 30, 31 тамыз және 1 қыркүйекте, себебі 30 тамыз жексенбіге сәйкес келіп тұр.

Синоптик республиканың батысында бір апта бойы ауа температурасы 23-28 градус жылыға дейін біртіндеп төмендеп, тұрақсыз ауа райы сақталатынын айтады. Басқа аймақтарда да қолайсыз ауа райы болады. "Найзағайлы жаңбыр жауып, солтүстік-шығыс аймақтарда ауа температурасы түнде 5-13 градус жылыға дейін, күндіз 15-25 градусқа дейін төмендейді", - дейді синоптик.

Маманның мәліметінше, ертең Астанада күн ала бұлтты болып, арагідік жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 10-12 градус, күндіз 18-20 градус жылы болады. Кейінгі екі тәулікте күн бұлттанғанымен, жауын-шашын болмайды, сынап бағанасы түнде 8-13, күндіз 20-25 градус жылыны көрсетеді.

Инженер-синоптиктің мәліметінше, күннің суытуы циклонның ықпалына байланысты. Циклон елдің барлық аумағымен өтіп, өткінші жаңбырға және ауа температурасының төмендеуіне себеп болады. Содан кейін жылы ауа массалары тарайды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети