Конституция мен Ассамблея мерейтойының ұлттық жоспары әзірленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конституция мен Ассамблея мерейтойының ұлттық жоспары әзірленеді Фото pda.kzinform.com сайтынан

Ата заңымыз - Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өтудің ұлттық жоспары даярланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ата заңымыз - Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өтудің ұлттық жоспары даярланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Осыған орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі XXI сессиясында Президент ел Үкіметіне тиісті тапсырма берді. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, келесі жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толады. Сонымен қатар Қазақстан Конституциясының қабылданғанына да - 20 жыл. Ассамблея болса, алғашқылардың бірі болып Ата заңымызды қолдады. "Осыған орай, Үкіметке Ассамблеямен бірлесе отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Ата заңымыздың 20 жылдығын атап өту бойынша ұлттық іс-шаралар жоспарын даярлауды тапсырамын. Астана қаласында Қазақстан халқының форумын өткізу керек", - деді Н.Назарбаев. 

2015 жыл "Астана - бейбітшілік пен келісім қаласы" ұранымен өткізу көзделіп отыр. Ал EХPO-2017 халықаралық көрмесінен кейін құрылыс нысандарының бірінде Достық үйін ашылуы әбден мүмкін. Қазақстан халқы Ассамблеяның жұмысын күшейту мақсатында оны мемлекеттік мекеме ретінде құру жоспарланған.   

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети