06 наурыз 2017 | 11:00

Конституцияға қабылданған түзетулер Астана атауын өзгертуді қарастырмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конституцияға қабылданған түзетулер Астана атауын өзгертуді қарастырмайды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Конституцияға қабылданған түзетулер Астана атауын өзгертуді қарастырмайды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, Қазақстан Конституциясына қабылданған түзетулердің негізіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін көрсету енгізілмеген.

"Иә, Тұңғыш Президенттің еңбегі Конституцияда атап өтілген, ал елорда атауын өзгерту туралы мәселе жоқ. (...) Әуежай жайында айтар болсақ, оны конституцияға енгізетіндей соншалықты маңызды оқиға емес, егер осындай өзгеріс болса, ол бөлек қарастырылады", - деді Казанцев Парламент палаталарының бірікке отырысынан кейін.

Осыған дейін Парламент Қазақстан Конституциясына түзетулерді қабылдаған болатын.

Еске салайық, алғашқы біріккен отырыста депутаттар тағы да Астана атауын өзгерту туралы ұсыныс білдірген болатын. Сенатор Дархан Калетаев Назарбаевтың есімін елордаға және еліміздегі нысандарға беруді заманауи әрі маңызды идея деп ойлайтынын айтқан. Бұл ұсынысты Мәжіліс депутаты Павел Казанцев те қолдаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети