04 маусым 2021 | 18:03

Конституциялық кеңес Тоқаевтың өтінішіне жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Конституциялық Кеңес "Кейбір заңнамалық актілерге адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы шешіміне түсініктеме жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Конституциялық Кеңес "Кейбір заңнамалық актілерге адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы шешіміне түсініктеме жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Конституциялық Кеңес аталған Заңды Конституцияға сәйкес деп таба отырып, оның жекелеген ережелерінің дәлме-дәл тұжырымдалмағанына және сабақтас нормалармен үйлеспейтініне назар аударды. Ондай мәтін заң нормаларын оң түсінбеуге, соның себебінен теріс қолдануға жағдай жасауы мүмкін.

Заң консультантының құпиясын сақтау міндетінен алып тастауларды заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгілеуге жол берілмейді деп танылды", - делінген хабарламада.

Кеңестің пікірінше, заң консультанттарының кәсіптік құпияны сақтау міндеті олардың клиенттерінің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған, сол себепті одан алып тастаулар тек заңдармен реттелуі тиіс.

"Шешімде адвокатты лицензиядан айыру және оның адвокаттар алқасындағы мүшелігін тоқтату рәсімін, оның ішінде аттестаттау қорытындылары бойынша, бұл әрекеттердің нақты процедурасын анықтау мүмкін еместігі айтылды.

Кеңес адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлеріне қатысты түзетулердің үйлеспейтінін анықтады. Бейінді заңда олардың тізбесінен құқықтық мәселелер бойынша анықтамалар беру алып тасталған. Дей тұрғанмен, Қылмыстық-атқару кодексінде сотталғандардың осындай анықтамалар алу құқығы сақталған", - делінген Конституциялық Кеңес түсініктемесінде.

Кеңес құрамы заң консультанттары палаталарының ерікті мүшелігіне негізделген коммерциялық емес ұйым ретінде Республикалық заң консультанттары алқасын құруды көздейтін Заңның ережелерін сыни тұрғыдан бағалады.

"Конституциялық Кеңес заңда палаталар жарналарының төменгі шегін бекіту және басқа шараларды іске асыру, егер олар заң консультанттарының бүкіл қоғамдастығына қатысты болса, олар көрсететін заң көмегінің сапасын арттыруға ықпал етсе және қызметтің бір саласы өкілдерінің арасында теңдікті бұзу үшін жағдай жасамаса, орынды болуы мүмкін, деп есептейді", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан басқа, заңда заң көмегін көрсету мәселелерін құқықтық реттеу деңгейлеріне қатысты ішкі қайшылықтар анықталды. Егер кейбір нормаларда бұл мәселелер тек заңдармен регламенттелуі мүмкін деп көрсетілсе, ал басқа нормаларда заңдық күші төмен өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеуге жол берілген.

Баяндалғанды ескере отырып, Конституциялық Кеңес құқықтық коллизияларды жою мақсатында заң шығарушының назарын ағымдағы заңшығармашылық қызметі аясында қосымша шаралар қабылдау қажеттігіне аударды.

Конституциялық Кеңес атап көрсеткендей, білікті заң көмегін алу құқығы әрбір адамның өзі заңдық маңызы бар әрекеттер жасаған кезде жоғары білікті заңгерлердің кәсіби көмегін пайдалану мүмкіндігін көздейді. Осы құқық Негізгі Заңда бекітілген сот арқылы қорғалу құқығын және сот төрелігі қағидаттарын іске асырумен тығыз байланысты.

"Осыған орайда мемлекет жеке адамның аталған құқығына кепілдік беру үшін де, білікті заң көмегін көрсететін тұлғалар қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін де тиісті жағдайлар жасау мақсатында қажетті нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге сипаттағы шараларды қабылдауы тиіс" - делінген.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңеске өтініш жолдағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети