18 сәуір 2014 | 14:54

Контрабандашылар шекарашыларға қарсылық көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қазақ-қырғыз шекарасында ұстау кезінде қарсылық көрсеткен 10 контрабандашы қолға түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақ-қырғыз шекарасында ұстау кезінде қарсылық көрсеткен 10 контрабандашы қолға түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап. 

"Мемлекеттік шекараны күзету тапсырмасын орындау барысында Қордай шекара отрядының "Бетқайнар" шекара жасағы белгісіз азаматтар тобына ұшырасты, олар контрабандалық халық тұтынатын тауарлар жүгінің партиясын Қырғызстаннан Шу өзені арқылы Қазақстанға жеткізуді жүзеге асырған. Контрабанда жасаушыларды ұстау кезінде олар шекара жасағына белсенді физикалық қарсылық көрсетіп, жасырынуға талпынған",- делінген таратылған хабарламада.

Ведомстваның мәліметінше, шекарашылардың талабына контрабандашылар назар аудармаған. Тіпті онымен қоса, олар ешқандай тіркеу нөмірінсіз жүрген Mitsubishi Delica автокөлігімен жасақшыларды басуға ұмтылған. Көлікті мәжбүрлі түрде тоқтату мақсатында Калашников автоматынан ауаға ескерту оғы атылған. Ал екінші оқ көлікке қарай атылған және ол көлікті басқарып келе жатқан контрабандашының көзінің тұсына тиген.

"Нәтижесінде контрабандалық іспен айналысқан 10 азамат ұсталды. Оның бесеуі - Қырғызстан Республикасының азаматы болса, ал қалған бесеуі - Қазақстанның азаматы болып шыққан. Сондай-ақ Mitsubishi Delica көлігінің ішіндегі контрабандалық жүк тәркіленді. Бұл деректер құқық қорғау органдарына хабарланды. Жәбірленуші Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Оған медициналық жәрдем көрсетілді. Жағдайы қалыпты",- деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети