24 шілде 2018 | 17:09

Контролер Алматыда мүгедек жолаушымен болған "төбелес" туралы айтып берді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Турар Казангапов ©Турар Казангапов

Алматыда контролер 15 шілдеде № 79 автобуста мүмкіндігі шектеулі қызбен болған жанжал туралы әңгімелеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда контролер 15 шілдеде № 79 автобуста мүмкіндігі шектеулі қызбен болған жанжал туралы әңгімелеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, осыған дейін  алматылық қыз оны контролер ұрып-соқты деп арыз жазған болатын. Өз кезегінде "Green Bus Company" ЖШС контролерінің айтуынша, ол мүгедек қызды ұрмаған, тіпті оған қол тигізбеген. Айтуынша, ол Сейфуллин көшесінің бойындағы аялдамалардың бірінде автобус салонына кіргенде бірден салонның соңында мүмкіндігі шектеулі қызды байқапты. Оан мүмкіндігінше дұрыс байланысқа шығуға тырысқан екен. 

Қыз жолақыны SMS арқылы төлейтінін айтқаннан кейін контролер автобустан шығар алдында жүргізушіге хабарламаны көрсету керектігін ескерткен.

Алайда, контролердің айтуынша, қыз өзін оғаш ұстаған: оны камераға түсіре бастап, "оның ақылға қонымсыз әрекетін айтамын" деп қорқытқан. Кейін кондуктор аты жазылған бейджикті тартып алғысы келген. Ал енді бүгін полиция екеуін бетпе-бет кездестірді.

"Мен автобусқа кіргенде ол салон соңында отырған, билетті көрсетуін сұрап едім, ол қызда билет жоқ болып шықты. Бетпе-бет кездесуде қыз менің оны жүргізуші жаққа дейін сүйреп апарғанымды айтты, бірақ мен қолының дұрыс емес екенін бірден байқағанмын және сондықтан оған жақындамадым да. Ол менің бейджигімді тартып алғысы келді, бірақ мен оған тиместен автобустан шығып кеттім және жүргізушіге жолаушының шығарда хабарламаны көрсетуін айттым", - дейді Самат Талдыбаев. 

"Green Bus Company" ЖШС басшысы да №79 автобуста контролер мен жолаушы арасында болған келіспеушілікке қатысты пікірін білдірді.

Оның айтуынша, "шабуылдаушы" мен "зардап шегушінің" айтқан оқиғаның мән жайы әр түрлі. Бірі қолма-қол ақша төленгеннен кейін оған билет берілмеді және кейін ұрып-соғылған болса, ұрыстың келесі қатысушысы мүмкіндігі шектеулі қызға тиіспегенін айтады. Бауырджан Кулишевтің айтуынша, оқиғаның мән жайын полиция анықтау үстінде. 

"Не болғанын нақты білмеймін, қыз аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазған. Жүргізуші мен контролер шабуыл жасамадық дейді. Біз қазір тергеу органдарының шешімін күтудеміз. Кімге сенерімді білмеймін, қызға немесе өзіміздің қызметшіге ме. Қызметкеріміз қызды билесіз отырған кезінде ұстағанын, кейін оған қатысты өзін агрессивті ұстағанын айтады. Ол: "Ешқандай күш көрсетпедім, оған тиіспедім, тимедім де. Керісінше, қашқақтадым. Ол агрессивті болды, мені ұра бастады" дейді. 

Ал қыз сұхбатта мүлдем басқа нәрселерді айтты. Ол жүргізушіге жолақы төлеу үшін барған, ал билет берілмеген. Ол факт бойынша билетсіз ұсталып, нәтижесінде қыз ұрып-соқты деп ұрыс шығарған. Сол себепті тергеу органдарының шешімін күтеміз", - деді Кулишев. 

Сонымен қатар Кулишевтің айтуынша, контролерлер айына 30-дан 50 дейін билетсіз жолаушыны ұстайды, жылына шамамен 1000 адам шығады екен. 

"Ұстаймыз, аудандық ішкі істер бөліміне өткіземіз. Бізді ылғи жүргізушілер өзін дұрыс ұстамайды деп айыптайды, ал жолушылардың бізге қатысты өзін тиесілі ұстамауы қаралмайды. Көп жолаушы өзін агрессивті жағынан көрсетеді. Бізде ұрысқа тартылмау, болған жағдайда одан шығу туралы ауызша тәртіп бар. Қызметкерлерді айыптайды, ренжітеді, оларға былатып сөздер айтылады, біақ біздің қызметкерлер ұрысқа дейін апармауға тырысады. Біз 1000-ға дейін билетсіз жүрген жолаушыны аудандық ішкі істер бөліміне өткіземіз, ал қаншамасын ұстап, жібере саламыз", - дейді "Green Bus Company" ЖШС басшысы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети