05 ақпан 2022 | 10:36

"Көп жылдан бері тұншығып жүрміз". Қарағандыны тұмша басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр: Instagram / sergek_karaganda Видеодан алынған кадр: Instagram / sergek_karaganda

Облыстық экология департаментінің мамандары қала тұрғындарының шағымдарына жауап беріп, атмосфералық ауа жағдайына мониторинг жүргізді. Өлшеу нәтижелері бойынша күкірт диоксиді, азот, сондай-ақ күйе мен көміртегі оксид бойынша концентрация көрсеткіші артқаны тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Облыстық экология департаментінің мамандары қала тұрғындарының шағымдарына жауап беріп, атмосфералық ауа жағдайына мониторинг жүргізді. Өлшеу нәтижелері бойынша күкірт диоксиді, азот, сондай-ақ күйе мен көміртегі оксид бойынша концентрация көрсеткіші артқаны тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандылықтар бірнеше күн бойы қаладағы қалың тұмшаға шағымданып жүр. Тұрғындардың айтуынша, ауыр, күйдіргіш иісі бар ауаның салдарынан оларда аллергиялық жөтел пайда болып, бас ауырады. Олар бұл мәселе Қарағандыда бір емес бірнеше жыл қатарынан көтеріп келе жатқанын, бірақ еш нәрсе өзгермегенін айтып отыр. 

"(...) Жеті жылда жағдай одан сайын нашарлап кетті. Ештеңе өзгермейді. (...) Бұл мәселеге еліміздің жоғары басшылығының назарын аударып, жеке секторды белсенді газдандырумен тезірек айналысу қажет деп ойлаймын. Газ қол жетімді болуы керек, жабдықтар да бәріне қол жетімді болуы керек. Осылай мәселе шешіледі", - деп жазды @denis_denski Instagram-да.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Денис Денски (@denski_blog)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @svetitmesjz

4 ақпанда аймақтық экология департаментінің мамандары қала бойынша жылжымалы зертханамен шығып, ауа сынамаларын алды. Олардың айтуынша, тұмшаның пайда болуына бірден бірнеше фактор ықпал етеді.

"Михайловкада, оңтүстік-шығыста күкірт диоксиді, азот, күйе және көміртегі оксиді көрсеткіші асып кеткен және қала орталығында шамалы асқан. Қолайсыз ауа райында (тымық күні. – автор) жағылған пештің шығарындылары ауада сейілмейді. Сондай-ақ, қарқынды көлік қозғалысы да бұл шығарындылардың жер бетіне шоғырлануын тудырады. Мұны өлшемдер де растайды, өйткені күйе мен көміртегі оксиді көмірді, органикалық отынды жағу кезінде пайда болады, оның ішінде іштен жану қозғалтқыштары бар көліктің пайдаланылған газдарында да бар", - дееді Қарағанды облысының Экология департаменті өкілдері.

Шенеуніктердің айтуынша, қалада тұмшаның пайда болу мәселесін барлық үйге газ түскеннен кейін ғана шешуге болады. Алайда әзірге толық газдандырудың нақты мерзімін ешкім айта алмайды. 

Атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг жалғасады. Қалада ауа жағдайын "Қазгидромет" РМК облыстық филиалының жеті бекеті және "Экосервис-С" ЖШС 10 бақылау бекеті бақылап отырады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети