Алматыда қоғамдық көлікте тегін жүре алатын адамдар категориясы кеңейді. Енді қалалық автобустарда көпбалалы аналар да тегін жүре алады. Мұндай шешімді қалалық мәслихат депутаттары қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда қоғамдық көлікте тегін жүре алатын адамдар категориясы кеңейді. Енді қалалық автобустарда көпбалалы аналар да тегін жүре алады. Мұндай шешімді қалалық мәслихат депутаттары қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алтын алқа" мен "Күміс алқа" алқасымен марапатталған 4663 көпбалалы анаға тегін жол жүру құқығы беріледі.
Қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының мәліметінше, қалада 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды алып жүретін 1161 адам бар. Бұл санаттағы адамдарға 50 пайыз жеңілдік беріледі.
"Бұл шешім "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы жаңа Заңға сәйкес, сондай-ақ, қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мен оны қорғау мақсатында қабылданды", - деді қала басшысы Бақытжан Сағынтаев.
Айта кетейік, бұған дейін тоғыз категориядағы азаматтар қоғамдық көліктерде тегін жүре алатын. Олар:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
- 75 жастан жоғары зейнеткерлер;
- I және ІІ топтағы мүгедектер және он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;
- 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар.
Сонымен қатар, келесі топтағы адамдарда 50 пайыздық жеңілдік бар:
- 15 жастан жоғары жалпы білім беретін мектеп оқушылары;
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, күндізгі оқыту жоғары оқу орындарының студенттері;
- зейнеткерлер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!