13 қыркүйек 2020 | 18:15

Көпір астында арт-алаңдар көбейді - Көлгінов жоспары туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Александр Куприенко© Фото Александр Куприенко©

Қала тұрғындары үшін 8 мың шаршы метр демалыс орны ретінде қайта жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында жазды.


Иконка комментария блок соц сети

Қала тұрғындары үшін 8 мың шаршы метр демалыс орны ретінде қайта жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Көпір асты (Сарайшық даңғылы) 5 аумаққа бөлінді: баскетбол алаңы, балаларға арналған, work-out, сахнамен бишілерге арналған алаң, йогамен айналысу алаңы т.б. Сондай-ақ тамақтанатын орын қойылды.

Қабырғаларына балалардың түрлі спортпен айналысуына түрткі болуы үшін танымал спортшылардың муралы бейнеленді.

Бұдан бөлек, бұл жердің айналасындағы аумақ абаттандырылады. Қала тұрғындары теплоходпен серуендеуі үшін пирс қойылды. Әткеншек орнатылып, үлкен футбол алаңы салынды. Енді бетоннан скейт-парк салу жоспарланып отыр.

Алдағы уақытта бұл жерде жасыл бұрыш, көпфункционалды амфитеатр пайда болады.

Қазіргі уақытта Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ маңындағы көпір астында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жерде тағы бір көпірасты кеңістік болады. Биыл барлығы 150 аула мен 50-ден аса қоғамдық кеңістік абаттандырылады (саябақтар, гүлбақтары, желекжолдар). Жұмыстың көп бөлігі аяқталды. Келесі жылдың тізімі жасалуда.

Мемлекет басшылығы бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлуде. Карантин бізге иммунитетімізді нығайту керектігін, спортпен шұғылданып, таза ауада көп жүру керектігін көрсетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети