Көпірден өзенге секірген: жасөспірімдердің ата-аналары жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Желіде атыраулық жасөспірімдердің жаяу жүргіншілерге арналған көпірден Жайық өзеніне секіргені түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде атыраулық жасөспірімдердің жаяу жүргіншілерге арналған көпірден Жайық өзеніне секіргені түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда жасөспірімдердің бірінен соң бірі өзенге секіргенін көруге болады. Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті видеоға қатысы бар адамдарды анықтады.

ТЖД мәліметі бойынша, видеоға түсірілген жасөспірімдердің жеке басы анықталған. Олардың ата-аналары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы ("Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау") бойынша жауапқа тартылды. Осы бап бойынша айыппұл түрінде жаза қарастырылған.

"Құтқарушылар күн сайын профилактикалық рейдтер жүргізіп жатыр, қауіпті жерлерде шомылған 20 адамға айыппұл салынды. Атырау облысының аумағында шомылу маусымы ресми түрде ашылған жоқ. ТЖД қазіргі уақытта шомылу қауіпті екенін ескертеді. Облыс тұрғындары мен қонақтарына 112 қызметтің хабарламаларына назар аударып, су айдындарының жанында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау ұсынылады", - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Кейінірек видеодағы жасөспірімдер өз әрекеттері үшін кешірім сұрап, бұл олардың өміріне қауіпті екеніне келіскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети