24 мамыр 2021 | 13:23

Көпірден секірмек болған астаналықты полицейлер мен куәгерлер құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Нұр-Сұлтанда көпірден секіруге тырысқан ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда көпірден секіруге тырысқан ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзін-өзі өлтіруге тырысқан ер адамды елордалық полицейлер мен куәгерлер құтқарып қалған.

"14.33-те жедел басқару орталығының "102" арнасына Қошқарбаев - Абылай хан даңғылдары қиылысындағы көпірден ер адам секіруге тырысып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына полиция аға лейтенанты Мәуліхан Саян мен полиция кіші лейтенанты Әділ Елнардың басқаруымен полиция полкінің экипажы дереу жіберілді", - деді полицияның баспасөз қызметі өкілдері.

Оқиға орнында жүргізуші көпірдің астына жүк көлігін қойған.

"Мен Павлодардан Нұр-Сұлтанға бара жатқанмын. Жолда көпір қоршауы артында адамдар ер адамды ұстап тұрағынын көрдім. Жолда көліктер болмас үшін жүк көлігімді көпірдің астына қойдым. Тағы бір жүргізуші жолға көлігін кедергі ретінде қойды", - деді жүк көлігінің жүргізушісі Сергей Шеховцев.

Оқиға орнына келген полицейлер ер адамды қолынан ұстап тұрған адамдарды көрген. Куәгерлердің бірі ер адамның қолын сыммен орап, екінші ұшын ұстап тұрған. Ол қолын жарақаттап, буынын шығарып алды.

"Мен ер адаммен сөйлесіп, көңілін ауладым. Кейін оны тез ұстап, көтеріп, қауіпсіз қашықтыққа апардым", - дейді полиция қызметкері.

Ер адам жағдайды анықтау үшін аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

"41 жастағы қала тұрғыны мас болғаны анықталды. Бүгін елордалық полиция департамент басшысы Ержан Сәденовтің атынан қала тұрғындарына адамды құтқару кезінде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіріп, марапаттады", - деді құқық қорғау органдары өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети