12 тамыз 2021 | 18:24

Қор қызметкерлерінің 50,4 пайызы вакцинаның екі компонентін салғызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобы қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салғызуда белсенділік танытып жатыр. Компаниядағы әрбір екінші қызметкер вакцинаның екі компонентін салғызып үлгерді. Қор ұсынған дерекке сүйенсек, COVID-19-ға қарсы вакцинаның екі компонентін толық салғызғандар саны 138 652 адамға жетті. Бұл ұжымның 50,4 пайызы. Нәтижесінде "Самұрық-Қазына" компаниялар тобы қызметкерлерінің жартысынан көбі коронавирусқа қарсы екпе салғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобы қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салғызуда белсенділік танытып жатыр. Компаниядағы әрбір екінші қызметкер вакцинаның екі компонентін салғызып үлгерді. Қор ұсынған дерекке сүйенсек, COVID-19-ға қарсы вакцинаның екі компонентін толық салғызғандар саны 138 652 адамға жетті. Бұл ұжымның 50,4 пайызы. Нәтижесінде "Самұрық-Қазына" компаниялар тобы қызметкерлерінің жартысынан көбі коронавирусқа қарсы екпе салғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 тамызға дейінгі жағдай бойынша, COVID-19 инфекциясына қарсы екпенің бірінші компонентін компанияның 184 594 қызметкері салғызды. Бұл - компаниялар тобындағы қызметкерлердің 67,1 пайызы деген сөз. 

Қорға қарасты компанияларда екпенің бірінші компонентін салдырғандар туралы ақпаратқа сүйенсек, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясындағы 110 846 қызметкердің 79 481-і, яғни 72% вакцина салғызды. Осы тұста теміржол компаниясы қызметкерлер саны бойынша Қорға  қарасты компаниялар арасында көшбасшы екенін атап айтуымыз керек, оған қоса вакцина салғызу науқанын ұтымды ұйымдастыра алған. Ал қызметкерлер саны бойынша екінші орында тұрған "ҚазМұнайГаз" ҰҚ-да 62 600 адам еңбек етеді. Бүгінге дейін мұнай-газ саласы қызметкерлерінен  28 039 адам вакцина алған, көрсеткіш - 45%. Үштікті қорытындылайтын "Қазпошта" АҚ-тың 20 339 қызметкерінің 13 225-і вакцина салғызды. Бұл - ұжымның 65%.

"Қазақтелеком" АҚ-тың 20 604 қызметкерінің 16 032-і  (79%), "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-та 19 089 қызметкердің 15 032-і (79%), "Самұрық-Энерго" АҚ-та 16 969 қызметкердің 13 275-і (78%), "ҚазТрансГаз" АҚ-та 12 617 қызметкердің 10 843-і (86%), "Эйр Астана" АҚ-та 5 355 қызметкердің 3 713-і (69%), KEGOC АҚ-та 4 624 қызметкердің 3 592-і (78%), "Тау-Кен Самұрық" ҰТК-тегі 863 қызметкердің 656-ы (76%), QazaqAir-дің 281 қызметкерінің 164-і (58%), Samruk-KazynaConstruction АҚ-тағы 80 қызметкердің 76-ы (95%), Бірлескен химиялық компания ЖШС-тағы 642 қызметкердің 333-і (52%) вакцина салғызды. Бұл компаниялардың барлығы да халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін салалар қызметін үйлестіреді. 

Осы жылдың сәуір айында "Самұрық-Қазына" қоры #менекпеалдым #я_вакцинировался шарасын бастады. Акция аясында топ-менеджерлер алғашқылардың бірі болып вакцина салғызып, әріптестеріне үлгі көрсетті.

Вакцина салғызу науқаны әлі де жалғасып жатыр. Есте ұстар жайт, Қорға қарасты компаниялар қызметкерлері вакцинаның екінші компонентін алдағы қыркүйек айының 1-не дейін салғызады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети