ПОДЕЛИТЬСЯ
09 ақпан 2020 | 12:34
Қордай ауданындағы қақтығыс: қаза тапқандардың саны 10-ға жетті
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан қаза тапқандар саны өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди елордада өтіп жатқан брифингте айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан қаза тапқандар саны өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди елордада өтіп жатқан брифингте айтты.
"9 ақпанда таңғы уақытта Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан қаза тапқандар саны 10-ға жетті. Түнде тағы екі адам қайтыс болған", - деді Алексей Калайчиди ОҚК брифингінде.
Бұған дейін Президент қайғылы жағдайға жол берген меморгандардың қызметкерлері жауапқа тартылатынын мәлімдеген еді.
Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды.
Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған.
Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді. Екі полицей зардап шеккен. 30-ға жуық үй, 15 сауда орталығы қираған, 23 көлік өртенген.
Түнде Қырғызстан шекарашылары қазақ-қырғыз шекарасында күшейтілген қызмет тәртібіне ауыстырылған. ҰҚК шекара жабылды деген ақпаратты жоққа шығарып, екі ел арасындағы кеден штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты.
Масанчидегі қақтығыс. Қырғыз-қазақ шекарасынан 4 мың адам өткен
Показать комментарии
Читайте также