09 ақпан 2020 11:03

Масанчидегі қақтығыс. Қырғыз-қазақ шекарасынан 4 мың адам өткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Қырғыз-қазақ шекарасының "Кең-Бұлын-автожолдары" бақылау-өткізу пунктінен кеше 4 мың адам өткен. Мұндай мәліметтерді БАҚ келтіреді. Қырғызстан шекара қызметі әзірге бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg порталына сілтеме жасап. 


Қырғыз-қазақ шекарасының "Кең-Бұлын-автожолдары" бақылау-өткізу пунктінен кеше 4 мың адам өткен. Мұндай мәліметтерді БАҚ келтіреді. Қырғызстан шекара қызметі әзірге бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg порталына сілтеме жасап. 

Токмак қалалық Кенеш депутаты Юсуп Ваншаның деректері бойынша, 7 ақпанда тәртіпсіздіктер болған қазақстандық ауылдардан Қырғызстан Республикасында тұратын туыстарына келіп жатыр. 

ҚР дұңған диаспорасы келіп жатқандардың уақытша қоныстанып жатқанын айтады, өйткені көп адамның үйі өртеніп кеткен. 

Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі осыған дейін барлық адамдар тепловизор арқылы коронавирусқа тексерілетінін айтқан еді. Келушілердің негізгі бөлігі - әйелдер, балалар және қарт адамдар.

Еске салайық, 7 ақпанда Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындардың арасында жаппай төбелес болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұзақылықтан туған қақтығысты арандатқысы келгендер туралы айтты. Қордай ауданындағы оқиғаның салдарынан 8 адам қаза тауып, тағы 40 адам зардап шеккен. 

Осы дерекке қатысты "Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қатысу" және Адам өлтіру баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жамбыл облысы Қордай ауданында тәртіпсіздік салдарынан сегіз адам қаза тауып, ондаған адам зардап шеккенін айтты. 

Масанчидағы қақтығыстан кейін Тоқмақ өңірлік ауруханасына 18 адам, оның ішінде 1 қырғызстандық, ал 17-сі Қазақстан азаматтары медициналық көмекке жүгінгені айтылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети