08 ақпан 2020 | 12:22

Қордай ауданындағы ТЖ: 30 үй мен 23 көлік қираған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Масанчи ауылындағы болған тәртіпсіздік көрінісі. Фото: Tengrinews.kz Масанчи ауылындағы болған тәртіпсіздік көрінісі. Фото: Tengrinews.kz

Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында болған жаппай төбелес пен өрт қою салдарынан 30 үй мен 23 көлік қирап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-дағы брифингте мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында болған жаппай төбелес пен өрт қою салдарынан 30 үй мен 23 көлік қирап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-дағы брифингте мәлімдеді.

"Бұзақылық әрекеттердің, оның ішінде от қоюдың салдарынан алдын ала мәлімет бойынша 30 жекеменшік үй, 15 сауда нысаны және 23 көлік қиратылған. Қазіргі уақытта оқиға орнын қарау шарасы жүріп жатыр, әрі қарай жаңа мәліметтер таратамыз", - деді министр. 

Еске салайық, бұған дейін 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе және Масанчи ауылдарында полицейлерге шабуыл жасалып, жаппай төбелес шыққаны мәлім болған. 

Бұған дейін министр 8 адамның қаза тапқанын мәлімдеген.

Тоқаев Қордай ауданындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол оқиғаны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын мәлімдеген. Кейін Президент Жамбыл облысындағы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасап, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы мәлімдеме жасаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети