23 маусым 2021 | 17:23

"Қордай" шекара бекеті уақытша жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрағаттан алынған сурет Мұрағаттан алынған сурет

Қазақ-қырғыз шекарасында корнавирус жұқтырған науқас анықталды, осыған байланысты "Қордай" шекара пункті уақытша жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақ-қырғыз шекарасында корнавирус жұқтырған науқас анықталды, осыған байланысты "Қордай" шекара пункті уақытша жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

22 маусымда Жамбыл облысындағы қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан "Қордай" орталық бекетінде көрші елден келген COVID-19 жұқтырған науқас анықталғаны хабарланды.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бұл деректі Қордай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына және Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарлады.

"Осыдан кейін шұғыл түрде науқасты, онымен жақын байланыста болған адамдарды оқшаулау шаралары қолға алынды. Азаматтар шекарадағы өткізу пунктінің аумағында орналасқан изоляторға жатқызылды. Кейін санэпид қызметі мамандары жедел жәрдем бригадасын шақырды.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастың анықталуына байланысты өткізу пункті басшысының бұйрығымен "Қордай" бекеті уақытша жабылған болатын", - деінген хабарламада.

Дезинфекторлар бекет ғимаратын өңдеу шараларын жүргізіп, ғимарат аумағы желдетілгеннен кейін пост өз жұмысын қайта жалғастырды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Жамбыл облысының мемлекеттік шекарасы арқылы 185 050 адам өтсе, оның 23-і COVID-19-ды жұқтырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети