16 наурыз 2023 09:37

Қордайда кеден бекетіндегі ұзын сонар кезек видеоға түсірілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Әлеуметтік желіде қырғыз-қазақ шекарасындағы ұзын сонар кезектің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде қырғыз-қазақ шекарасындағы ұзын сонар кезектің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушылары қырғыз-қазақ шекарасындағы Қордай бекетінде база жаңартылғанын хабарлады. Бұл ретте шекарадан жаяу өткенде екі терезе ғана жұмыс істейді, бірнеше сағат кезекте тұруға тура келеді.

Кеден қызметіне жауапты мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәліметінше, мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында ЕАЭО елдерімен шекарадағы Мемлекеттік кірістер органдары тауарға ілеспе құжаттарды сканерлеу және ақпараттық жүйелерге мәлімет енгізу арқылы өткізілетін жүктерге мониторинг жүргізеді. Бұл рәсімнің ұзақтығы, баспасөз қызметі мәліметінше, 3-5 минуттан аспайды және шекарадан өту үшін қиындық туғызбайды.

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құзыретіне жатады. Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы кезек себептерін білу үшін оларға хабарласу қажет", - деді Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері.

"Қордай" бақылау-өткізу бекетінде жеке тұлғалар негізінен автокөлікпен және жаяу өтеді, бұл тұлғаларды шекарадан өткізуді тек ҰҚК Шекара қызметі жүзеге асырады.

ҰҚК баспасөз қызметі негізінен түске дейін шекарада шығу және кіруге шынымен де ұзын сонар кезек болғаны туралы ақпаратты растады. Қазір ондай кезек жоқ.

ҰҚК шекарадан өту ережелері өзгермегенін, кезек адамдардың көптігінен болғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети