Қордайдағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ қызметкерлеріне пәтер кілттері табысталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі © Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қордай ауданы Гвардейск қалашығындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты қызметкерлеріне арналып салынған жалпы 180 пәтерлік 3 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қордай ауданы Гвардейск қалашығындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты қызметкерлеріне арналып салынған жалпы 180 пәтерлік 3 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен пәтер кілттерін тапсыру салтанатты шарасына қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қоныс той иелерін құттықтап, ғалым-мамандардың, құрылысшылардың елеулі еңбегін атап өтті.

"Жақында ғана облысымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, шын мәнінде бұл үлкен жетістік. Еліміз үшін қажетті өндіріс. Сіздер Қазақстанды әлемге тағы бір таныттыңыздар. Біздің елімізде де биотехнологияның дамығанын, жоғары білікті ғалымдардың бар екенін дәлелдеңіздер.

Шетелдерде мұндай өндірісті құруға 3-4 жыл жұмсалса, біз тоғыз айдың ішінде үлкен зауыт сала алдық. Вакцинамыз дүние жүзінде мойындалып жатыр.

Мемлекет басшысы ғалымдарға, мамандарға барлық қажетті жағдай жасау, олардың ештеңеге алаңдамай жұмыс істеуіне, ғылыммен айналысуына қолайлы орта қалыптастыру, баспанамен, балаларын мектеп және балабақшамен кедергісіз қамту, уақыттарын тиімді өткізу бойынша нақты тапсырма берген болатын. Сол тапсырманың негізінде жалақыларыңыз артты, сіздерге арналып салынған 180 пәтерлі тұрғын үйлер бүгін пайдалануға берілуде. Бұл институт пен зауыт қызметкерлерін толығымен баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында өндіріліп жатқан отандық вакцинаның коронавирус індетіне қарсы күреске және халықтың денсаулығын нығайтуға зор үлес қосатынына сенемін", - деген аймақ басшысы қызметкерлер мен құрылысшыларға ризашылығын жеткізді.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария барынша қолдау көрсетіп жатқан ел, облыс басшылығына, құрылысшыларға деген ықыласын білдірді.

"Облыс әкімі екі жылда отыз реттен астам жұмыс сапарымен келіп, біздегі құрылыс барысымен, мәселелерімізбен, жағдайымызбен жиі танысып отырды. Соның нәтижесінде барлық жұмыстар дер кезінде әрі сапалы орындалды.

Институт қызметкерлері үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Атап айтар болсақ, тұрғын үйлер, балалар ойын алаңшалары, дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Талай жылдан бері институт қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі алғаш рет шешімін тапты. Еліміздің және облыс басшылығына үлкен алғысымызды білдіреміз!", - дей келе Күнсұлу Закария жұмыстарды сапалы әрі жоғары деңгейде жалғастыра беретіндіктерін жеткізді.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердегі пәтерлер толығымен тұрмысқа қажетті жиһаздармен жабдықталған, барлық инженерлік желілермен қамтылған.

Институт және зауыт қызметкерлері мен олардың балалары үшін 120 адамға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені, ойын алаңшалары салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro