11 ақпан 2020 10:01

Қордайдағы жағдай: Сапарбаев соңғы жаңалықтарды айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысының жаңа әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы жағдайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысының жаңа әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы жағдайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде жалпы Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдары жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істеп жатыр. Бес күнде 178 адам медициналық көмекке жүгінді, олардың 19-ы - полиция қызметкерлері. Өкінішке қарай, 10 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіліп жатыр. Комиссия мүшелері Мемлекет басшысының атынан көңіл айтып жатыр", - деді жаңа әкім үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 33 адам ауруханада жатыр.

"Қордай ауруханасында - 13 адам, Алматыда 20 адам. Қырғызстандағы ауруханаларда жатқандар Алматы мен Таразға ауыстырылды. Барлығына медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қордайға Алматыдан мықты, танымал дәрігерлер келді", - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, Сапарбаев 10 ақпаннан бастап барлық мектеп пен балабақшаның әдеттегідей жұмыс істеп жатқанын айтып өтті.

"Жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындар үйлер мен сауда орындарын салуға жұмылады. Бизнесмендермен жұмыс істеп жатырмыз. Олар көмек көрсетуге дайын, барлық мүмкіндікті пайдаланымыз. Жалпы жағдай бақылауда. Барлығы дұрысталады деп ойлаймын", - деді жаңа әкім.

Еске салайық, кеше, 10 ақпанда Бердібек Сапарбаевтың Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалғаны хабарланған еді.

Сапарбаев түрлі уақытта министрлер кабинеті аппаратының басшысы, Қызылорда облысының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, қаржы вице-министрі қызметтерін атқарған еді. 2009 жылдың 4 наурызынан 2014 жылдың 11 қарашасына дейін Шығыс Қазақстан облысын басқарған. 2014 жылы 11 қарашада Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған. Ал 2015 жылы қыркүйекте Ақтөбе облысының әкімі қызметіне кіріскен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети