Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ку Хонг-сок 2020 жылы 10 адамды өрттен құтқарған қазақстандық Әлиакбар Юлдашев Азия елінде өте танымал болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ку Хонг-сок 2020 жылы 10 адамды өрттен құтқарған қазақстандық Әлиакбар Юлдашев Азия елінде өте танымал болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Былтыр ол Чхусок мерекесінде (Оңтүстік Кореядағы дәстүрлі мереке. - ескерт.) онлайн-құттықтау жіберді. Ол елшілік үшін арнайы құттықтау видоесын түсіріпті. Кореяда мұндай игі істер мен әрекеттер өте үлкен резонансқа ие. Сондықтан Әли мырза Кореяда өте танымал болды.
Оның арқасында Қазақстан азаматтарының имиджі бұрынғыдан да арта түсті. Корея үкіметі де оның еңбегін мойындады. Бұған дейін ол елде заңсыз болған, ал үкімет бұл әрекеттен кейін оған Кореяға келуге құқықтық негіз берді. Қазір ол сол жақта", - деді елші Нұр-Сұлтанда өткен кездесуде.
2020 жылдың наурызында заңсыз еңбек мигранты Әлиакбар Юлдашев 10 адамды өрттен құтқарғаннан кейін Оңтүстік Корея баспасөзінің назарында болды. Түн ортасында қазақстандық көршілерін оятып, терезелерін ашқан. Салдарынан оның мойнын, арқасын және қолын екінші және үшінші дәрежелі күйік шалған. Әли 50 жастағы әйелді бөлмеден шығарып үлгерген, бірақ күйік шалған адам ауруханада қайтыс болды.
Оның әңгімесінен шабыттанған 10 мыңнан аса адам үкіметтен оны депортацияламауды талап ететін петицияға қол қойды. Тұрғындар қазақстандықтың марапатқа лайық екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!