03 тамыз 2017 | 14:29

Kорейлер қазақ еліне алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

XX ғасырдың 30-40 жылдары жаппай саяси қуғын-сүргін зардабын тартқан жүз мыңға жуық корей халқы Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшірілді. Биыл олардың жер аударылғанына 80 жыл. Осыған орай Алматы облысы Қаратал ауданына сексен адам келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

XX ғасырдың 30-40 жылдары жаппай саяси қуғын-сүргін зардабын тартқан жүз мыңға жуық корей халқы Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшірілді. Биыл олардың жер аударылғанына 80 жыл. Осыған орай Алматы облысы Қаратал ауданына сексен адам келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Шығыстан келген делегацияны Қаратал ауданының әкімі Қайрат Бисембаев қарсы алды. Әуелі Ескелді би кесенесіне алып барып, бабамыздың ерен ерліктерін айтып, Құран бағыштады. Келесі кезекте жол Ескелді ауданындағы Рақымжан Қошқарбаев атындағы мектепке түсті. Мұнда жиырма жыл бұрын ашылған корей кабинеті бар. Аталмыш мектептің оқушылары мың бұралған би билеп, корей халқының өнерін паш етіп, қонақтардың қошеметіне бөленді.

Құрметті қонақтар Бастөбе тауында орналасқан "Қазақ халқына мың алғыс" атты ескерткішке барды. Мұнда отандастар, зұлматты оқиғаны бастан кешкен көнекөз қарияларымен сағына көрісіп, бір марқайып қалды.

"Елде зұлматты оқиға орын алып, халық қуғын-сүргінге ұшырап, қиын-қыстау күн кешкенде қазақтар құшағын ашып, қол ұшын созды. Өздері таршылық көрсе де қаншама ұлтты бауырына басты. Қолда бар көмегін аямады. Қазақ жеріндегі корей халқының бейбітшілік заманда өмір сүріп келе жатқаны сіздердің арқаларыңыз", - дейді Оңтүстік Корея елінің азаматы Ри Джан Чуй. 

Шара соңында аудан әкімі Қайрат Әшірәліұлы мен оңтүстіккореялық өкіл Ри Джан Чуй қуғын-сүргін құрбандарының тауқыметті тағдыры ешқашан ұмытылмайды деген бастамамен жаңа орнатылайын деп жатқан ескерткіштің алғашқы кірпішін қалады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети