Қорғаныс министрі әскери базадағы ТЖ мен офицердің қазасы туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрі әскери базадағы ТЖ мен офицердің қазасы туралы айтты gov.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Талдықорғандағы әскери-әуе базасында екі әскери қызметкер зардап шегіп, біреуі қаза тапқан оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Талдықорғандағы әскери-әуе базасында екі әскери қызметкер зардап шегіп, біреуі қаза тапқан оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, әуебазасында қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан апат болған. Бұл ретте, Жақсылықовтың айтуынша, алған жарақатынан қаза болған офицер тәртіпбұзушылыққа жол берген.

"Тергеу әлі жалғасып жатыр. Оның нәтижелерін хабарлаймыз. Бірақ, өкінішке қарай, өмірімізде қате әрекеттер қайтымсыз салдарға әкеп соғатын жағдайлар бар. Оның үстіне, әскери қызмет әрқашан қауіпке байланысты. Сондықтан, қауіпсіздік шараларын жеке және ұжымдық түрде сақтауымыз керек", - деп қосты министр.

Сондай-ақ Жақсылықов оқиғаның салдарынан ұшақтарға да, ғимараттарға да зақым келмегенін айтты.

"Бұл ұшақтың снаряды. Ол дұрыс пайдаланылмай, снаряд ұшып кеткен", - деп түсіндірді қорғаныс министрі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети