ПОДЕЛИТЬСЯ
12 ақпан 2019 | 10:50
Қорғаныс министрі Қара майормен соңғы кездесуі туралы айтты
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Ауған соғысының ардагері полковник Борис Керімбаевпен соңғы кездесуі жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Ауған соғысының ардагері полковник Борис Керімбаевпен соңғы кездесуі жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен оған жұма күні бардым. Борис Керімбаев - жауынгерлік тәжірибесі мол, ауған компаниясына зор үлес қосқан, елдің жоғары басшысының бұйрығын орындаған адам. Оны Мәскеуге жеке шақыртып, тапсырма берген және ол оны тамаша орындап шыққан. Қазақстан халқы Борис Керімбаевті мақтан тұтады. Мұндай адамдар көп емес. Ол ұзақ ауырды. Ерік жігерінің арқасында көпке шыдады. Дәрігерлер оның орнында басқа адам болса ұзаққа шыдамасын айтты", - деді Ермекбаев.
"Қара майор" 12 ақпанда таңертең сағат 8:50-де өмірден өтті. Еске салайық, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев кеше ғана Борис Керімбаевқа ҚР ҚМ әскери-клиникалық госпиталіне барған еді. Әскери ведомство басшысы оған ҚР Әскери барлау алдындағы еңбегі үшін "Алтын үкі" төсбелгісін, алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстады.
Показать комментарии
Читайте также