27 тамыз 2021 | 10:50

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысында болған жарылыстардан кейін отставкаға кетуге дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Azattyq.org сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысында болған жарылыстардан кейін отставкаға кетуге дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Azattyq.org сайтына сілтеме жасап.

Министрлік отставкаға кетуді ел басшылығы қабылдайтынын баса айтты. Министрлік мәліметінше, қазір барлық күштер Тараз маңындағы төтенше жағдайдың салдарын жоюға бағытталған.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Ермекбаевтың жұмысы кезінде осындай жағдай екінші рет қайталанып отыр. 2019 жылы Арыста жойқын жарылыстар болған еді.

Нұрлан Ермекбаев 2018 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. 2018 жылдың тамызында Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының төрағасы болып сайланды.

Бұған дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная