10 қараша 2021 | 19:00

Қорғаныс министрлері ТМД елдерінің өңірлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті. Оған Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Мұрат Бектанов бастаған қазақстандық әскери делегация қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәскеуде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті. Оған Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Мұрат Бектанов бастаған қазақстандық әскери делегация қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отырыс барысында әскери-саяси жағдайға және оның Достастық елдері қауіпсіздігіне ықпал етуіне, әскери білім беру мен кадр даярлау, гуманитарлық минадан тазарту, біріккен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі және оны әуе-ғарыштық қорғаныс міндеттерін шешуге бейімдеу саласындағы ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселе қаралды.

Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Нұрлан Орманбетов "Өңірлік қауіпсіздік - 2022" біріккен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің бірлескен компьютерлік командалық-штабтық оқу-жаттығуы туралы баяндама жасады.

Достастық мемлекеттерінің қорғаныс министрлері 2021 жылғы Армиялық халықаралық ойындар қорытындысы туралы баяндауды тыңдап, әскери қызметшілердің әскери-кәсіби шеберлігін арттыру бойынша пікір алмасты. Отырысқа қатысушылар радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерін COVID-19-дың таралуына қарсы күресте қолдану тәжірибесін талқылады.

Одан басқа, 1991 жылдан бері 30 жыл ішіндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы форматындағы әскери ынтымақтастық және оны перспективалық дамыту бағыттары туралы пікір алмасу болды.

Сонымен қатар, тараптар алдағы жылға арналған ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің жұмыс жоспарын және кезекті отырыстың күн тәртібін алдын ала талқылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети