Қорғаныс министрлігі 2 триллион теңгеге Otokar техникасын сатып алу туралы ақпаратқа жауап берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігі 2 триллион теңгеге Otokar техникасын сатып алу туралы ақпаратқа жауап берді Фото otokar.com.tr

Қорғаныс министрлігі түркиялық Otokar компаниясымен 2 триллион теңгеге бронтранспортерлер сатып алу туралы келісім жасалғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігі түркиялық Otokar компаниясымен 2 триллион теңгеге бронтранспортерлер сатып алу туралы келісім жасалғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен түріктің "Otokar" компаниясы арасында 2 триллион теңгеге жуық сомаға бронтехниканы сатып алуға келісім жасалғаны туралы әлеуметтік желіде таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Бүгінде түрік тарапымен бронтехниканы жеткізу бойынша ешқандай келісім жоқ. "Otokar" компаниясы бронтехника өндірушілерінің бірі ғана болып табылады, оның үлгілері қызметке қабылдау ережелерінде бекітілген рәсімге сәйкес жалпы негізде қаралады", - делінген хабарламада.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі бұған дейін де хабарлағаны айтылды. Бұл ретте техниканың басқа да шетелдік үлгілері қарастырылады.

"Қазіргі уақытта аталған компанияның 8х8 бронтехникасының үлгісі отандық бронтехниканың үлгісімен қатар тәжірибелік сынақтардан өтіп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша техникалық талаптарға сай техниканың үлгісі айқындалатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қорғаныс министрлігі өз құзыреті шеңберінде мемлекеттің қорғаныс қабілетіне жауап береді және қару-жарақ пен әскери техниканың әртүрлі үлгілеріне қажеттілікке ие болып табылады. Бұл ретте қорғаныс ведомствосы үшін үлгілерді таңдау кезінде отандық және халықаралық сарапшылар мойындаған өнімнің сапасы басымдық болып табылады. Сондықтан, әлеуметтік желілерде таралатын әртүрлі жалған ақпараттарға сүйенбей, тек тексерілген, ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - деді ҚМ өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети