Қорғаныс министрлігі желідегі даулы видеодан кейін тексеріс бастады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігі желідегі даулы видеодан кейін тексеріс бастады видео кадры

Қорғаныс министрлігі желідегі даулы видеодан кейін тексеріс бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігі желідегі даулы видеодан кейін тексеріс бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде бірнеше әскери қызметші қатысқан онлайн жиналыстың видеосы тарады. Видео авторының сөзінше, бұл жайт Қызылорда облысында болған.

Жазбада жергілікті әскери ведомствоның бастығы делінген адам қоластындағыларды бәйәдеп сөздермен сыбағаны айтылады.

Tengrinews.kz бұл жайтқа қатысты Қорғаныс министрлігіне жүгінді. Министрлік мәліметінше, желіде Қызылорда облысының жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері қатысқан жиналыстың видеосы тараған.

Ішкі жиналыс 2025 жылғы 9 маусымда өткен.

"Жиналыс барысында облыстың қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы тарапынан этикалық нормалар сақталмаған. Осы дерек бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды, оның нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі", - деді министрлік өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети