13 наурыз 2014 | 14:54

Қорғаныс министрлігі жемқорлықтың азайғанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

ҚР Қорғаныс министрлігі салада сыбайлас жемқорлықтың азайғанын мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты атышулы қоғамдық резонанс тудырған бірқатар істерге қарамастан, соңғы үш жыл ішінде армиядағы құқық бұзушылықтарға жүргізілген талдау әскердегі сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендегенін көрсетеді. Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлық қылмыстары 2011 жылдан бері қарай 46%-ға, яғни 41-ден 22-ге, 2012 жылы 23-ке төмендеген", - делінген хабарламада. Салада 2014 жылы Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жұмыстарының тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары бекітілді. "Жоспарда сыбайлас жемқорлыққа бару қаупі жоғары лауазымдар тізімін кеңейту көзделіп отыр. Осындай лауазымдарға қабылдауға және оларды атқаруға ерекше жоғары талаптарды белгілеу, олардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау бойынша тексерулер жүргізу тетіктерін қолдану мүмкіндігі туралы міндеттемелер қабылдау жоспарланған. Бұл ретте ондай тексеруден өте алмаған адамның әскери қызметті жалғастыру мәселесі қаралатын болады", - дейді министрліктің баспасөз қызметі. Жоспарда Қарулы Күштерге тән емес әскери қалашықтардағы коммуналдық қызмет көрсету, ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсету мен жөндеу, сауда-тұрмыстық және монша-кір жуу қызметі, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету және материалдық-техникалық құралдарды жөндеу сияқты қызметтерді аутсорсингке беру қарастырылған. Пайдалану мерзімі мен конструктивтік сипаттамаларын ескере отырып, әскери-техникалық мүлік стандарттарын әзірлеу жоспарланып отыр. Ол мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы үшін техникалық тапсырмаларды дайындау кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге мүмкіндік ашады. Сонымен бірге, Қарулы Күштер, өзге де әскерлер мен әскери құрылымдар әскери қызметшілерінің ар-намыс кодексін әзірлеу, жоғары және орта әскери оқу орындарында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас негіздері" пәнін енгізу көзделген. "2011-2015 жылдарға арналған Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі жоспардың тармақтарын орындау жалғасуда", - делінген хабарламада. Еске салайық, жуырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс саласындағы жемқорлық деректеріне алаңдаушылық білдірген еді. Бір айға жуық уақыт бұрын қорғаныс министрінің орынбасары Бағдат Майкеев пара алғаны үшін тұтқындалған болатын. Бұған қоса, ҚР Бас прокуратурасы салаға сапасыз оқ-дәрі жеткізілгенін әшкереледі. Лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети