Қорғаныс министрлігі қазақстандықтардан қауесеттерге мән бермеуді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтардан қауесеттерге мән бермеуді сұрады Фото:gov.kz

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі алдағы ҰҚШҰ оқу-жаттығуларына қатысты ресми хабарлама таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі алдағы ҰҚШҰ оқу-жаттығуларына қатысты ресми хабарлама таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылғы 26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Алматы облысының "Жағалау" оқу полигоны базасында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған.

"Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өтетін жерге 18 қыркүйектен бастап Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері аралас тәсілмен келе бастайды. Алматы және Жетісу облыстарының аумағы арқылы әскери қызметшілердің қозғалысы темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты, азаматтар мен БАҚ өкілдерінен әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети