ҚР Қорғаныс министрлігі ел аумағынан Украина қарулы күштерінің ұшқышсыз ұшатын аппараты ұшырылғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ресейлік БАҚ-та Қазақстан аумағынан Украина қарулы күштеріне тиесілі ұшқышсыз ұшатын аппараттың (ҰҰА) ұшырылғаны туралы ақпарат жарияланған. Оның мақсаты ресейлік аэродромдар болған екен. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Ведомство мәліметінше, таралған ақпарат - жалған.
"Московский Комсомолец» порталында жарияланған Қазақстаннан ресейлік әуеайлақтарға ҰҰА ұшырылғаны туралы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, бұл ҰҰА-лар ҚР Қарулы Күштерінде мүлдем болмаған", - деді министрлік өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!