Қорғаныс министрлігіне жаңа функциялар беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігіне жаңа функциялар беріледі Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда Қорғаныс министрлігіне Индустрия және құрылыс министрлігінің бірқатар салалардағы функциялары мен өкілеттіктері беріліп, қайта құрылады. Мемлекет басшысының 2025 жылғы 13 ақпандағы тиісті жарлығы Нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Қорғаныс министрлігіне Индустрия және құрылыс министрлігінің бірқатар салалардағы функциялары мен өкілеттіктері беріліп, қайта құрылады. Мемлекет басшысының 2025 жылғы 13 ақпандағы тиісті жарлығы Нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі оған Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің:

  • мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, оған басшылық жасау және салааралық үйлестіру;
  • әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  • мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу салаларындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын.

"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын", - делінген құжатта.

Қазақстан Республикасының Үкіметі: қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша қайта бөлуді, осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети